БАЙҚАУ!!!

02.11.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Бозайғыр ауылының «Бөбек» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос лауазымға орналасуға ашық конкурс жариялайды:

  1. Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне (уақытша бос лауазымға) орыс тілінде оқытатын тәрбиеші.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы негізінде өткізіледі.

Құжаттар тізбесі:
Қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе Мемлекеттік корпорацияға келесі құжаттарды өткізеді:

  1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс-парағы және фотосурет;
  4. Білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
  8. Нарколог науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
  9. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
  10. ҚазТест немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес);
  11. Түйіндеме (резюме);
  12. Біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті «Бөбек» балабақшасы МКҚК-да конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.

  • Анықтама телефоны: 8 (71631) 27-230
  • Электрондық пошта: dbobek@yandex.kz

 

 

Просмотров: 126


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу